Арал ауданына 1991 жылы халықаралық экологиялық топ келді. Сол кездегі Дания және қазақ балықшылары кездесу нәтижесі болып балық аулау арқылы теңізді қайта қалпына келтіру идеясы туды. Ол Халықаралық Дат-Қазақ «Каттегаттан Арал Теңізіне дейін» жобасының бастамасы болды. Жобаның барысында Дания еліне қазақ делегациясы жол сапармен барды. Арал балықшылары балықшылар кооперативтеріне бірікті, 1996 жылы Кіші Арал теңізінде алғаш рет камбала аулауды ұйымдастырды. Соның нәтижесі болып Арал теңізінде балық шаруашылығын дамытуға мүмкіншілік бар екендігі дәлелденді. Дат делегациясыменен жұмыс жасаған топ 1998 жылы «Арал Теңізі» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушілері болып танылды.
Бірлестік қызметін басқару үшін мынадай органдар құрылады:
Жоғары басқару органы – бірлестікке қатысушылардың Жалпы Жиналысы,
Басқару органы – Бірлестік басқармасы.
Атқару органы (бірден-бір) – Президент.
Бақылау –тексеру органы – Тексеру комиссиясы.
Егер де жобалар атқарылатын болса (Басқарма мүшелерінің келісуіменен) – жобаның атқарушы штаты жоба үйлестірушісіменен бекітіледі және де «Арал теңізі» ҚБ президент бұйрығыменен жұмысқа алынады.
«Арал Теңізі» ҚБ штаты: күзет қызметі, техникалық қызметкерлер, қоғам президенті.
«Каттегаттан Арал Теңізіне дейін» жобасының штаты: жергілікті координатор, тұрақтылық менеджері, даму менеджері, офис менеджері биологиялық мониторинг менеджері, қаржы жөніндегі менеджер.
«Камбала балық» балықшылар орталығының штаты: 30 адам.
© 2006